Алыстан келген ҚонаҚтарды Қарсы алу және ынтымаҚтастыҚты нығайту: Индонезияның Джокьякарта Мухаммадия университеті Фуда ауруханасына сапармен келді
None
Date:2026-07-02Author:From:Fuda

Естелік сурет
Делегация аурухананың ішкі-сыртқы ортасын, клиникалық бөлімшелерін және стационарлық палаталарын аралап көрді. Олар Фуда ауруханасының даму тарихымен, диагностика мен емдеу тұжырымдамасымен, пәндік құрылымымен және басқару мен қызмет көрсету жүйесімен егжей-тегжейлі танысты. Аурухананың заманауи материалдық-техникалық базасы мен ізгілікті атмосферасы қонақтарға терең әсер қалдырды.




Аурухана тынысымен танысу
Одан кейін делегация емдеу бөлмелеріне барып, криоабляция (мұздатып жою) және интервенциялық емдеудің стандартты орындалу барысын тікелей бақылады. Олар ісікті аз инвазивті хирургиялық жолмен емдеудің дәл процестері мен ота кезіндегі тәсілдерді жақыннан көрді.
Екі тарап емдеудің негізгі тұстары, техникалық қиындықтар, отадан кейінгі оңалту стратегиялары және асқынулардың алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды қызу талқылады. Делегация мүшелері Фуданың қатаң әрі жүйелі емдеу процесі мен жоғары деңгейдегі аз инвазивті технологиясына жоғары баға беріп, бұл сапардан көп нәрсе үйренгендерін жеткізді.




Емдеу барысын бақылау және сарапшылармен пікір алмасу
Дөңгелек үстел отырысында аурухананың Директорлар кеңесінің төрағасы **Чжао Цзюнь** құттықтау сөз сөйлеп, Индонезиядан келген делегацияны жылы қарсы алды. Ол Фуда ауруханасының негізгі жағдайын қысқаша таныстырып өтті:
* Ұлттық және Гуандун провинциясының клиникалық негізгі мамандандырылған ауруханасы ретінде Фуда — провинциялық Денсаулық сақтау комитетіне тікелей бағынатын, медициналық көмек, ғылыми зерттеулер мен оқытуды біріктірген үшінші деңгейлі онкологиялық мамандандырылған аурухана.
* Аурухана ашылғаннан бері халықаралық, жоғары деңгейлі және академиялық даму бағытын ұстанып келеді. Мұнда нано-пышақ және криоабляция технологияларына негізделген аз инвазивті диагностика мен емдеу жүйесі құрылған. Сонымен қатар, көпсалалы емдеу (MDT) моделі қалыптасып, әлемнің 120-дан астам елі мен аймағынан келген пациенттерге қызмет көрсетілді.
* Сонымен бірге, Фуда әлеуметтік жауапкершілікті белсенді түрде өз мойнына алып, жер сілкінісінің зардаптарын жою, медициналық көмек көрсету және кедейлікті жою сияқты қайырымдылық шараларына ұзақ уақыт бойы қатысып келеді.
Төраға Чжао аурухананың ашық әрі өзара тиімді академиялық алмасу платформасын құруға ниетті екенін және болашақта екі тарап арасындағы технология мен кадрлар саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Цзюнь құттықтау сөз сөйлеуде
Аурухана бас дәрігері **Ню Личжи** денсаулық сақтау саласындағы әріптестер ретінде барлығының ортақ миссиясы — халық денсаулығын қорғау және жоғары сапалы медициналық көмек көрсету екенін атап өтті. Ол заманауи медицинаның үздіксіз дамуымен қатар, денсаулық сақтау индустриясы, медициналық қызметтер және халықтың денсаулыққа деген сұранысы болашақ дамудың негізгі бағыттарына айналып жатқанын баса айтты. Нақтыланған медициналық басқару аурухананың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің және көбірек пациенттерге қызмет көрсетудің маңызды негізі болып табылады, бұл сонымен бірге осы жолғы алмасу мен ынтымақтастықтың басты мақсаты.

△Бас дәрігер Ню Личжи сөз сөйлеуде
Индонезияның Джокьякарта Мухаммадия университеті (UMY) — Индонезиядағы беделді әрі алдыңғы қатарлы жеке жоғары оқу орындарының бірі. Оның Медицина және денсаулық сақтау ғылымдары факультеті клиникалық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі, фармация сияқты бірнеше пәндерді қамтиды және денсаулық сақтау саласы үшін кәсіби мамандар даярлауға бағытталған.

жиналыс барсы
Делегация Фуда ауруханасына жылы қабылдауы мен әртүрлі бағыттағы танысу бағдарламасы үшін шын жүректен алғыс айтып, Фуданың Индонезия медицина саласы үшін маңызды үлгі тұтарлық орталыққа айналғанын атап өтті. Сапарға қатысушылардың көбі Индонезияның әр аймағындағы аурухана басшылары болым табылады, олар бұған дейін Сингапур, Жапония және басқа да елдердің медициналық мекемелерінде тәжірибе алмасудан өткен. Олар Фуданың емдеу жоспарлары мен пациенттерге деген ізгілікті күтімінен үлкен әсер алғандарын және алдағы уақытта тереңірек ынтымақтастық орнату арқылы тәжірибе алғысы келетіндерін білдірді.

△Бас дәрігердің орынбасары Лун Синьань делегацияға аурухананы басқару, пациенттерге қызмет көрсету және медициналық технологиялар сияқты үш бағыт бойынша Фуданың халықаралық даму жолын таныстырды.
Одан кейінгі әңгімелесу барысында тараптар пәндік құрылыс, аурухананы басқару және қызмет көрсету сияқты тақырымтар төңірегінде терең пікір алмасты. Екі жақ та сапалы басқару технологиялардың тиімді қолданылуының кепілі ғана емес, сонымен бірге пациенттердің сенімі мен қанағаттанушылығын арттырудың басты кілті екеніне келісті.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тараптар тығыз байланыста болып, академиялық өзара сапарлар, аурухана операцияларын басқару және технологиялық ынтымақтастық салаларындағы бірлескен жұмыстарды белсенді түрде алға жылжытуға, ынтымақтастықтың жаңа модельдерін бірлесіп зерттеуге және екі ел халқының денсаулығы мен игілігін арттыруға зор үлес қосуға уағдаласты.




Өзара сыйлықтар алмасу және естелік суретке түсу
Раковая больница Фуда, Гуанчжоу, адрес больницы в Китае
地址:中国广东省广州市天河区棠德西路2号
адрес:Тандэсилу 2, Тяньхэ район, Город. Гуанчжоу, Провинция. Гуандонг, Китай. 510665
Консультационный центр онкологической больницы Фуда в Алматы
адрес:Г.Аламаты,проспект Абая,д 68/74



