• ОНЛАЙН ЗАПИСЬ
  • ПОСЛЕДНЯЯ ТЕРАПИЯ
  • ВРАЧИ И ЭКСПЕРТЫ
  • ИСТОРИИ ПАЦИЕНТОВ

ФУДА онкологиялық ауруханасы (аурухана Қытайда орналасқан)

Қатерлі ісікке шалдыққан пациенттердің зардабы! Мемлекеттік ауруханада кезекті күту барысында емделудің ең тиімді уақытын өткізіп алу оңай ма? Кейбір ауруханалар жағдайдың тым ауырлығына байланысты қабылдаудан бас тартып жатыр ма? Фуда онкологиялық ауруханасының бірегей аз инвазивті терапиясы қатерлі ісіктің ерте, орта және соңғы кезеңдерін емдеуге мамандандырылған.


Біздегі арнайы емдеу әдістері

  • Қайтымсыз электропорация (IRE)
  • Аргон-гелий криотерапиясы (CSA)
  • Микротамырлы интервенциялық терапия(CMI)
  • Комбинацияланған иммунотерапия (CIC)
  • Брахитерапия
  • Фотодинамикалық терапия (PDT)

Қайтымсыз электропорация(IRE)

Келесі ауруларға тиімді:  ұйқы безінің қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, бүйрек қатерлі ісігі, простата қатерлі ісігі, өт қабының қатерлі ісігі, холангиокарцинома және т.б.

Емдеудің артықшылықтары: Қайтымсыз электропорацияны қолдану аймағы — жетуі қиын жерлерде (ұйқы безі және қуық асты безі, бауыр, бүйрек және т.б.) орналасқан ісіктер, бұл жерде абляцияның дәлдігі мен жасушадан тыс матрицаны, қан ағымын, жүйкелерді, түтіктерді сақтау ағзалар мен дене жүйелерінің қызметін сақтау үшін бірінші кезектегі маңызға ие болады. Көптеген зерттеулердің нәтижелері қайтымсыз электропорация процедурасы кезінде абляция аймағының ішіндегі де, оған жақын жердегі де стромальды құрылымдардың, соның ішінде ұйқы безінің ісіктеріне әсер ету кезінде де зақымдалмайтынын растайды. Гуанчжоудағы Фуда госпиталі Қытайдың материктік бөлігінде нано-пышақты алғаш енгізген және оны Қытайда ең көп қолданған мекеме болып табылады. Толығырақ....

Аргон-гелий криотерапиясы (CSA)

Келесі ауруларға тиімді: сүт безі қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, простата қатерлі ісігі, аналық без қатерлі ісігі және т.б.

Емдеудің артықшылықтары: Ісіктер өте төмен температурада ісік тінін мұздату арқылы жойылады. Ине ұшының температурасы -160 C°-тан төмен түскен бойда ісік тінінің ішінде мұз кристалдары түзіліп, бұл ісік жасушасының өліміне әкеледі. Криохирургия кезінде микроциркуляцияның үдемелі бұзылуы орын алады: тамырлардың кеуекті қабырғаларының түзілуі, эндотелий қабатының бұзылуы, интерстициальды ісіну, тромбоциттердің агрегациясы, микротромбтардың түзілуі және сайып келгенде, тамырлардың тоқтауы мен бітелуі. Криохирургия кезінде пациенттердің иммундық жүйесі қайта белсендірілуі мүмкін. Толығырақ...

Микротамырлы интервенциялық терапия(CMI)

Келесі ауруларға тиімді:  сүт безі қатерлі ісігі, ішек қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, өңеш қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, бас пен мойын аймағындағы ісіктер, лимфа қатерлі ісігі және т.б.

Емдеудің артықшылықтары: Микросфералар ұнтақ түрінде сақталады және оның диаметрі химиотерапиялық препараттарды сіңіргеннен кейін 200 микронға дейін тез кеңейе алады. Микросфераның қасиеті өте тұрақты, сондықтан бөлшектер ісік ішінде ұзақ уақыт сақтала алады. Ісікті қоректендіретін тамыр дәрі шығаратын микросферамен бұғатталғаннан кейін, ісіктің қоректенуі тоқтайды, содан кейін ісік одан әрі өсу әлеуетін жоғалтады. Осыдан кейін осмостық қысымның әсерінен микросфералардағы химиотерапиялық препараттар бөліне бастайды. Айналадағы ісік жасушалары препараттарды сіңіргеннен кейін бірнеше күннен кейін апоптоз бен некрозға ұшырайды. Толығырақ...

Комбинацияланған иммунотерапия (CIC)

Келесі ауруларға тиімді: бауыр қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, тамақ қатерлі ісігі, өңеш қатерлі ісігі, лимфа қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі және т.б.

Емдеудің артықшылықтары:  Қатерлі ісік иммунотерапиясы (кейде иммуноонкология деп аталады) – бұл иммундық жүйенің аурумен табиғи түрде күресуіне көмектесетін, қатерлі ісікті емдеуге арналған иммундық жүйені жасанды түрде ынталандыру әдісі. Толығырақ...

Брахитерапия

Келесі ауруларға тиімді: мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі, простата қатерлі ісігі, саркома, сүт безі қатерлі ісігі, қалқанша безінің қатерлі ісігі және т.б.

Емдеудің артықшылықтары: Брахитерапия (контактілі сәулелі терапия) — радиотерапияның бір түрі, бұл кезде йод-125 сәулелену көзі зақымдалған мүшенің ішіне енгізіледі. Әдістің артықшылығы — маңызды мүшелер мен іргелес тіндерге әсерді барынша азайта отырып, сәулелі терапияның максималды дозаларын тікелей ісік ошағына және қызығушылық аймағына жеткізу мүмкіндігінде. Жатыр мойны, жатыр денесі, қуық асты безі (простата), қынап, өңеш, тік ішек, тіл және т.б. ісіктерін емдеуде кеңінен қолданылады.  Толығырақ...

Фотодинамикалық терапия (PDT)

Келесі ауруларға тиімді: өңеш қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік, өт жолдарының қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, ампула қатерлі ісігі, құрсақ қуысының қатерлі ісігі және т.б.

Емдеудің артықшылықтары: Фотодинамикалық терапия (ФДТ) — жарыққа сезімтал заттарды — фотосенсибилизаторларды — және белгілі бір толқын ұзындығындағы жарықты қолдануға негізделген онкологиялық ауруларды емдеу әдісі. Бұл терапия асқазан, ішек, кеңірдек және т.б. ісіктерді емдеу үшін қолданылды. Толығырақ...


Фуда ауруханасындағы аз инвазивті емдеу


Фуда ауруханасындағы аз инвазивті емдеу

ФУДА ТУРАЛЫ

Цзинань университеті жанындағы ФУДА онкологиялық ауруханасы — ҚХР, Гуандун провинциясының Денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау комиссиясының тікелей бақылауындағы үшінші деңгейлі ірі онкологиялық аурухана. Сондай-ақ бұл Гуандун провинциясындағы JCI аккредитациясын алған алғашқы онкологиялық аурухана болып табылады. 2010 жылы ФУДА Қытайдың ұлттық жетекші денсаулық сақтау құрылыс нысандарының алғашқы легіндегі ауруханалардың бірі ретінде таңдалып, ұлттық маңызды клиникалық онкологиялық мамандандырылған ауруханаға айналды. Халықаралық онкологиялық аурухана ретінде, ФУДА-ның бірегей антирактік тұжырымдамасы (қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың жоғары сапалы ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін) және ең жаңа халықаралық аз инвазивті терапиясы (нано-пышақ, аргон-гелий криостаты және йод бөлшектерін имплантациялау және т.б. сияқты) дүниежүзінің 100-ден астам елінен келген қатерлі ісік нақастарын емдеуге мүмкіндік береді.

    Раковая больница Фуда, Гуанчжоу, адрес больницы в Китае

    地址:中国广东省广州市天河区棠德西路2号

    адрес:Тандэсилу 2, Тяньхэ район, Город. Гуанчжоу, Провинция. Гуандонг, Китай. 510665



    Консультационный центр онкологической больницы Фуда в Алматы

    адрес:Г.Аламаты,проспект Абая,д 68/74

    Московский консультационный центр
    Казахстанский консультационный центр